Қазақстанның үш өңірінде бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны 100-ден асты

Қазақстанның үш өңірінде бір тәулікте COVID-19  жұқтырғандар саны 100-ден асты

Қазақстанның үш облысында бірден коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны жүзден асып кетті. Қауіпті  індетті  ең көп жұқтырған аймақтар көшін 1 602 жаңа дерек тіркелген  Шығыс Қазақстан облысы бастап тұр.  Айта кетейік, өңірде карантин тағы екі аптаға созылды. Қолға алған шараларға қарамастан шығыс аймағы әлі де «қызыл аумақта» қалып келеді. Сонымен қатар 112 жұқтыру дерегі тіркелген Солтүстік Қазақстан мен  Павлодар облыстарында да ахуал алаңдатарлық.  Өткен тәулікте республика көлемінде 720  жаңа  дерек ПТР тесттері арқылы  анықталған.

Жалпы пандемия басталғалы бері  127 580 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Қазіргі таңда 11 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның 670-і  балалар. 203 қазақстандық ауыр халде болса, 28-інің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.  30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 

 

Фото: rospatent.gov.ru

×