Қазақстанда ауыр дертті балалардың тілегін орындау қоры пайда болды

Қазақстанда ауыр дертті балалардың тілегін орындау қоры пайда болды

Қазақстанда ауыр дертті балалардың тілектерін орындайтын қор пайда болды. Бірнеше ай ішінде жастар 120-дан астам өтінім қабылдап, оның ішінде 13 баланың арманын жүзеге асыра алған. Балалардың әрқайсының арманы әр түрлі.

Мысалы, бірі телебағдарламаның түсіріліміне қатысқысы келсе, енді бірі өз кумирімен кездесуді қалады. Ал тағы біреуі тіпті тікұшақпен ұшуды арман етті.

Қор ақша жинаумен және сыйлық сыйлаумен айналыспайды. Қаржылық ұйымның өз айқын мақсаты бар – ол қазір көмекке мұқтаж балалардың арманын орындау.

Сондай-ақ кішкентай балапандарға үздіксіз медициналық процедуралардан кейін моральдік қолдау көрсету, көңіл-күйлерін көтеру және жағдайларын жақсарту. Қазіргі таңда қор қазақстандық волонтерлардың арқасында еліміздің түкпір-түкпірінде өз жұмысын бастауда. Бүгінгі күннің өзінде еліміздің тағы 300 азаматы еріктілер қатарында болғысы келді. Сәуір айының соңына дейін республика өңірлерінде 15 филиал ашу жоспарланған.

ШАМИЛЬ ВАНКЕЕВ, «MENIN ARMANYM» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

 - Балаларының арманы орындалып, олардың жүзіндегі күлкіні көргенде ата-аналар қуаныштан көздеріне жас алып жатады. Біз балалармен кездескен сәтте, олардың науқас екенін, ауруханадан шығып келгенін, сондай-ақ оларға бірдеңе жетпейтінін, бәрін естен шығарамыз. Біз жай ғана оларға бір күнімізді арнап, бақыт сыйлауға тырысамыз. 

Авторы: Ақзер Сегізбай