Ұлттық домбыра күні қарсаңында елордада күй керуені өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында елордада күй керуені өтті

Алдағы жексенбіде қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін атап өтеді. Ұлттық аспапты ұлықтауға арналған шаралар легі басталып кетті. Елордада өткен күй керуені солардың бірі.  40-тан астам оқушы бір мезетте "Ерке сылқым" және "Кимешек" күйін орындап, ұлттық құндылықты ұлықтаудың игі көрінісін көрсетті. Сонымен қоса елдегі өзге өнерпаздарға челендж жолдады.  

Ержан Ерсайынұлы, «Қоғамдық келісім» РММ аға сарапшысы:

– Жалпы, қазақ пен домбыра екеуі егіз ұғым. Атадан қалған сөз бар, Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра дейді. ОСы сөзге үсйене отырып, бүгін жас өнерпаздарды жинай отырып, челендж ұйымдастырып отырмыз. +Шараның мақсаты өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады.