Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға келді

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға келді

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға ресми сапармен келді. Қазақстан Президентін Бішкектің «Манас-2» халықаралық әуежайынан Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров пен осы елдің бірқатар ресми тұлғасы қарсы алды. Бұған дейін Бішкекте екі ел мемлекет басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда кездесетіні хабарланған болатын. Келіссөздер күн тәртібіне саяси диалогты күшейту бағытындағы қазақ қырғыз стратегиялық ынтымақстастығын нығайту, сауда экономикалық, инвестициялық және мәдени гумианитарлық   серіктестік мәселелері қойылған.