Конституциялық реформа – Мемлекет басшысы жариялаған саяси реформаларының жалғасы

Конституциялық реформа – Мемлекет басшысы жариялаған саяси реформаларының жалғасы

Конституциялық реформа – Президенттің саяси реформаларының жалғасы. Бұл туралы еліміздің Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлім етті. Түзетулер Мемлекет жұмысының негізгі принциптеріне қатысты және Қазақстан үшін тарихи маңызы бар. Бұл реформалар – ауқымды саяси жаңғырудың аса маңызды кезеңі, деп атап өтті Мемлекеттік хатшы. Жоба бойынша жетекші ғалымдар, құқықтанушылар жұмыс істеді. Азаматтар Конституцияның ескі және жаңа редакциясы арасындағы айырмашылықты байқауы үшін, көзделіп отырған өзгерістер мен толықтыруларды бес ірі блокқа бөлді. Түзетулердің бірінші блогы суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшуді қамтамасыз етеді.

Ерлан Қарин, ҚР мемлекеттік хатшысы:

– Бұл өзгертулер бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлуге бағытталған. Біріншіден, Сенаттағы Президенттік квота 15 депутаттан 10 депутатқа дейін азаяды. Оның бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынады. Екіншіден, Президент Конституциялық кеңестің және жоғарғы Сот Кеңесі төрағалары лауазымына ұсынылатын кандидаттарды Сенатпен келіседі. Үшіншіден, Конституциялық сот құрылады. Төртіншіден, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып өзгереді. болып қайта құрылады. Оның төрағасы жылына екі рет Мәжіліс депутаттары алдында есеп береді.

Сондай-ақ қалған түзетулер Парламент және оның палаталарының рөлі мен мәртебесі, халықтың ел ісіне көбірек атсалысуы және азаматтардың құқықтарын қорғау тетігін күшейтуге бағытталып отыр.