Кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жобаға 35 мыңға жуық қазақстандық қатысты

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жобаға 35 мыңға жуық қазақстандық қатысты

35 мыңға жуық жас қазақстандық 2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысты. Оның 24 мыңы жұмысқа орналастырылса, соның 11 мыңға жуығы тұрақты кәсіп тапқан. Сондай-ақ «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары шеңберінде жастарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысушылардың жалақысын субсидиялау мөлшері 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Бизнес-бастамаларды іске асыру үшін гранттар мөлшері 2 есе артып, яғни 1 млн 200 мың теңгеге жетті. Сондай-ақ биыл жастар арасынан жаңадан бастаған кәсіпкерлерге 10 мың қайтарымсыз грант беру жоспарлануда.