Елімізде жеңілдетілген автонесие шарттары сәуірдің аяғына дейін бекітіледі

Отандық техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңгені құрайды. Ал Қазақстан аймақтарында автобустарды жаңартуға шамамен 30 млрд теңге қарастырылып отыр. Бағдарлама бекітілсе, тұрғындар бастапқы жарнасыз 7 жылға дейін несие рәсімдей алады. 1 бірлік автокөлікке бекілетін максималды несие сомасы 10 млн теңгеден аспауы шарт.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтарының жеңілдетілген несиеге автокөліктер сатып алуы, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасы «Жасыл даму» АҚ қаражаты есебінен жүргізілмек.