Қазақстанда жаңа өңдеу кәсіпорындары құрылады

Қазақстанда жаңа өңдеу кәсіпорындары құрылады

Қазақстан өңдеу өнеркәсіптерінің санын арттыруға ниетті. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі Үкіметке мамыр айында жаңадан өндіріс ошақтарын құруды ынталандыруға бағытталған шаралар кешенін ұсынды. Бұл туралы ведомство басшысы Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Ол еліміздің тау-кен металлургия кәсіпорындарымен жұмыс басталып кеткенін айтады. Онда негізгі жобалардың қатарына 12 өндіріс кірген. Олар аккумуляторлар, алюминий радиаторлары, профильдер, көлік дискілері және азық-түлік қалбырларын шығарумен айналысады. Министр бүгінде әлемде негізгі металдарға деген сұраныс өсіп келе жатқанын атап өтті.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Елімізде экспортқа бағытталған глинозем және мыс концентраты бойынша үлкен шикізат әлеуеті бар. Қазір ел ішінде өндірілетін барлық глинозем мен мыс концентратын өңдейтін жаңа электролиз және мыс балқыту зауытын құру мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл бастапқы металдар өндірісінің көлемін ұлғайтуға, орта және ұзақ мерзімді перспективада отандық қайта өңдеушілер шикізатының қажетті көлемімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды өткізуден түсетін экспорттық пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов