ЕҚЫҰ жанындағы Ұлыбритания миссиясы Қазақстандағы жағдайды талқылады

ЕҚЫҰ жанындағы Ұлыбритания миссиясы Қазақстандағы жағдайды талқылады

Еуропадағы ЕҚЫҰ жанындағы Ұлыбритания миссиясы Қазақстандағы қаңтар оқиғасы кезіндегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың іс-әрекетін жоғары бағалады. Елші Нил Буш Президенттің көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде бейбіт наразылық білдірушілер мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың арасындағы айырмашылықты айқын көрсеткенін атап өтті. «Қылмыстық топтардың мақсаты – Конституциялық билікті құлату болды. Бұл мәселе мұқият тергеуді қажет етеді», – деді өз сөзінде дипломат.

Нил Буш, ЕҚЫҰ жанындағы Ұлыбританияның тұрақты өкілі, елшісі:

- ҚР Президентінің осынау теңдессіз оқиғаның орын алуына не түрткі болғанын анықтау үшін тергеу комиссиясын құру шешімі орынды. Қазақстан билігінің бұл тергеудің тиімді әрі ашық, сондай-ақ Қазақстан халқының сеніміне ие болуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесін қолдаймыз.

Авторы: Ақзер Сегізбай