Үкімет кешенді шаралар қабылдады

Үкімет кешенді шаралар қабылдады

Үкімет Президенттің қаңтардағы тәртіпсіздіктер салдарын жою және елді әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтсақ, қазірдің өзінде отандық бизнес 20 млрд теңгеден астам қаржы аударған «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды. Ішкі істер органдарының бөлімшелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді нығайту үшін қаражат бөлінді. Полиция департаменттеріне 457 патрульдік автомобиль мен 70 автобус жеткізілді. Тәртіпсіздіктен зардап шеккен азаматтар мен заңды тұлғаларға банк алдындағы қарыздарын өтеу мерзімін кейінге шегеру мүмкіндігі берілді. Үкіметтік комиссия кәсіпкерлерге тәртіпсіздік кезінде келтірілген залалды өтеу тетігін бекітті. «Жасыл даму» мемлекеттік компаниясын утилизациялық төлемдерді жинау операторы ретінде белгіледі, оның 100% акциясы мемлекетке тиесілі. Электрондық сауда алаңындағы газ саудасы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерілді.