2022 жылы білім гранттарының саны 5 мыңға артады

Биыл талапкерлер үшін мемлекеттік білім гранттарының саны тағы 5 мыңға артады. Осылайша ЖОО-да тегін білім алуға мүмкіндік беретін гранттардың жалпы саны 61 мыңға жетпек. Олар студенттер арасында сұранысқа ие және қоғам үшін қажетті мамандықтарға бөлінетін болады. Сондай-ақ көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған әл-ауқаты төмен санаттар үшін квоталар санын ұлғайту көзделген. Жалпы 2025 жылға дейін білім беру гранттарының саны кезең-кезеңімен тағы да 15 мыңға көбейеді. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасы. «Президент қолдауының арқасында отандық мектептердің түлектері мемлекет қазынасының есебінен оқуға мүмкіндік алады», – деп ҚР Білім және ғылым министрлігінде аталып өтті.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов