Қазақстанда балалардың суреті салынған коллекциялық монеталар шығарылады

Қазақстанда балалардың суреті салынған коллекциялық монеталар шығарылады

Бұл жөнінде Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. 500 теңге – күміс, 100 теңге мельхиордан және нейзильберден жасалған монеталар топтамасы «Тilashar» деп аталады. Бұл «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» сериясын жалғастырады. Күмістен жасалған монеталар түрлі-түсті эмаль, ал мельхиордан жасалғандарда құбылмалы бет қабатын жағу технологиясы қолданылған. Ұлттық банк өкілі монеталарды сату қашан басталатынын кейінірек жариялайтынын мәлімдеді.