Елімізде экспорт нарығы кеңейеді

Елімізде экспорт нарығы кеңейеді

Қазақстандық тауарлардың экспорт нарығы кеңейді. Еліміз Иран, Вьетнам және Сербиямен еркін сауда аймағы туралы келісімдер жасасты. Қазіргі таңда бұл мемлекеттер өз нарықтарында біздің өнімдердің қолжетімділігіне қолайлы жағдай қамтамасыз ету шараларын қабылдаған. Бүгінде Сингапурмен арада келіссөздер жүргізілуде. Одан бөлек отандық тауарларды Израильге, Мысыр және Үндістанға тасымалдау жоспарланған.

Айта кетейік, қазір қазақстандық экспорттың 50% Қытай, Италия, Ресей және Нидерланды елдеріне жөнелтіледі.