Оңтүсік Корея халқы Қазақстан өнерімен танысты

Оңтүсік Корея халқы Қазақстан өнерімен танысты

Қазақстан суретшілерінің туындылары Оңтүстік Кореядағы көрмелерде. Соннам қаласындағы 10-шы өнер вернисажында Виктор Мун мен Евгений Кимнің картиналары көпшілік назарына ұсынылды.

Шин Ми Сон, Соннам өнер фестивалінің төрағасы:

- Картиналар өте әсерлі, оларға қарап тереңдік пен шындықты сезінуге болады. Сонымен қатар екі елдің дәстүрлері ұқсас. Соннамның танымал әртістері Қазақстанға барып мәдени қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасуды жолға қойғаны жөн болар еді.

Пэ Джон Юн, көрме ұйымдастырушысы:

- Қазақ елінің мәдениеті терең және жан-жақты, сондықтан корейлерді қазақстандық суретшілердің шығармашылығымен таныстыруға мүмкіндік берілгеніне өте қуаныштымын. Олардың суреттері шынайы және эмоцияны жақсы жеткізеді.

Ал Орталық Азия суретшілерінің «Құлыпталған уақыт» атауымен ашылған көрмеде Маржан Бақытбекованың «Ковид» және «Текетірес» туындылары мен Маруа Байтұрсынованың «Бүркітші» композициясы келушілерді тәнті етті.

Сон Дже Хо, көрме ұйымдастырушысы:

- Негізі Корея мен Қазақстанның ұқсас тұстары көп. Қазақ суретшілерінің 5 түстен тұратын түс схемасы Кореяда бұрын өте танымал болды.