Еуропада қазақстандықтарға арналған концерт өтті

Еуропада қазақстандықтарға арналған концерт өтті

Аты әлемге әйгілі трио – апалы-сіңлілі Нақыпбековалар Парижде өнер көрсетті. Концерт Германия, Швейцария, Ұлыбритания мен Монакодағы қандастарымыздың басын қосты. Әртістер Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының шақыртуымен барған.

Айта кеткен жөн, апалы-сіңлілі Нақыпбековалар Қарағандыда дүниеге келген. Музыканттар қазір Лондонда тұрады. Олар әлемнің ең үздік сахналарында өнер көрсетіп келеді. Қазақстаннан көшіп кеткендеріне көп болса да, әртістер отанымен байланысын үзбейтінін айтады.