Қазақстандық фильм Netflix платформасында көрсетіледі

Қазақстандық фильм Netflix платформасында көрсетіледі

Қазақстандық «Ертең теңіз» деректі фильмі Netflix-те. Ең үлкен стриминг сервисінде көрсетілетін отандық режиссер Катерина Суворованың толықметражды деректі фильмі Арал теңізінің жағалауында тұратын тұрғындардың өмірі туралы баяндайды. Көрермен тұзды шөлді далада ағаш өсіретін бағбанның, кепкен теңіз түбін зерттейтін гидробиолог пен балықшылар әулеті өкілінің және кеме қалдықтарын жинайтын жастардың оқиғаларын тамашалайды. Қазақстандық фильм ұлттық және халықаралық деңгейде марапатталған. Соның ішінде Париждегі Жан Руш фестивалінің «Антропология және тұрақты даму сыйлығын» иеленген. Фильм енді Еуропа көрермендеріне қолжетімді, ал АҚШ киносүйерлері Amazon платформасынан көре алады. Сондай-ақ картинаны ТМД елдерінде көрсету бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Авторы: Әсел Күшенғалиева