«Alma museum» Сиверс жемісінің шығу тарихын баяндайды

«Alma museum» Сиверс жемісінің шығу тарихын баяндайды

Жұмақ бағындағы жағдай қалай? Бұл сөздің өзі-ақ Қазақстанда ашылған алғашқы алма музейіне баруға тартып тұрады. Мұражай құру идеясы бастамашыларға 2016 жылы келіпті. Олар атақты апорттың құндылығын сақтап, Алматының бейнесін гүлденген бақ қаласы ретінде көрсеткісі келген. Қазір Алма музейінің келушілері арнайы сақталған мұрағаттық фотосуреттерді көріп, ескі мегаполистің атмосферасына үңіле алады. Музейде әлемдегі ең танымал Сиверс алма ағаштары туралы ақпарат алып, онда қойылған экспонаттардың дәмін татуға да болады.

Ақмарал Асылбекова, «Alma museum» менеджері:

- Келушілердің осы сорттың дәмін татуға, бағалауға мүмкіндігі бар. Мұнда алманың 4 сорты бар. Олар «даналық», «мақсат», «камила» және «заман» деп аталады.

Бұл сұрыптарды отандық селекционерлер сәтті өсіріп шығарды. Қазақ жеміс-көкеніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары алманың 100-ден астам жаңа түрін жасап шығарумен қоймай, олардың генетикалық қорын сақтап қала алды. Олардың көбі сынақтан сәтті өтіп, қазір фермада өсірілуде. Музей экспозициясы бірегей помологиялық бақтың жаңа өнімімен үнемі толықтырылып отырады.

Светлана Алексеенко, Қазақ жеміс-көкеніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері:

- Біз помологиялық бақта қазақстандық селекцияның жаңа сорттарын зерттеу және оларды өмірге әкелу бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Біздің міндетіміз – жеміс-жидек дақылдарының гендік қорын сақтау және толықтыру. Біздің помологиялық бақшамызда басты жетекші мәдениет бар екенін мақтанышпен айта аламыз. Көптеген жылдар бойы біздің селекционерлер түрлі сорттарды жасап шығарды.

Алма музейі басқа ұйымдармен бірге осы жемісті жинау марафонын тұрақты түрде өткізетінін айта кеткен жөн. Бұл жолы егінді екі күн ішінде 16 және 17 қазан күндері жинауға болады. Жеміс жинау Есік бақтарында жоспарланған.

Авторы: Ақзер Сегізбай