Қоғамдық кеңестер нормативтік құжаттарды қарады

Қоғамдық кеңестер нормативтік құжаттарды қарады

Соңғы 5 жылда қоғамдық кеңестер 20 мыңнан астам нормативтік құжатты қарады. Оның екі мыңнан астамы кеңестер тарапынан өтпей, жетілдіру үшін кейін қайтарылған. Бұл туралы брифингте Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов хабарлады. Оның айтуынша, Қоғамдық кеңестер институтының арқасында азаматтардың өміріне тікелей әсер ететін құжаттардың кемшіліктері дер кезінде анықталды. Бұл істе мемлекеттік органдар басшыларының Қоғамдық кеңестер алдында есеп бере бастағаны да үлкен рөл атқарады.

Болат Тілепов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

- Жыл сайын түрлі деңгейдегі 1 500 мемлекеттік лауазымды иелері қоғамдық кеңестер алдында есеп береді. Бұл – қосымша мыңдаған нәрсенің шешімі мен шешімін таппай жүрген сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі. Одан бөлек осы 5 жылда мемлекеттік қызметтің сапасына қоғамдық мониторинг аясында мыңнан аса зерттеу жасалып, баршаға ортақ өте өзекті сұрақтарды ашық талқылаулар нәтижесінде ұзын саны екі мыңнан астам мәселе көтерілген. Осының барлығы көпшіліктің ортақ мәселесіне көз жұмбай, қашан да мінберден көтерер ұсынысын жеткізе білетін белсенді азаматтарымыздың қоғамдық негізде ақысыз атқарған үлкен еңбегінің жемісі.

Авторы: Ақзер Сегізбай