Қауын-қарбыз экспорты рекордтық көрсеткішке жетті

Қауын-қарбыз экспорты рекордтық көрсеткішке жетті

Түркістан облысы, Шардара ауданының шаруалары рекордтық көрсеткіш 45 мың тоннаға жуық бақша өнімдерін экспорттады. Алдағы уақытта бұл көлем артуы мүмкін. Себебі қауын-қарбыз жөнелтілімі әлі жалғасуда.

Аманжол Қалыбаев, шаруа қожалығының төрағасы:

- Жылдан жылға қосымша дәрі-дәрмектер беру арқылы өнімділік көбейіп жатыр. Өнімді 260 центнерден алып жатырмыз.

Биыл шардаралық диқандар қауын-қарбыздың көлемін жылдағыдан 500 гектарға дейін көбейткен. Жергілікті бау-бақша өнімдерінің басты тұтынушылары – Ресей және Еуропа мемлекеттері.

Абылай Мақанов, Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

- Экспортқа шығарылған дақылымыздың 44 мың тоннадан астамы осы тоғыз айдың қортындысы бойынша. Ал былтыр жыл бойы 39 мың тонна дақыл экспортталған болатын.

Өз кезегінде қауын мен қарбызға деген сұраныс фермерлерді егістік алқабын кеңейтуге ынталандырады.