Атыраулық кәсіпорындар ауылшаруашылық өнім өндірісін әртараптандыруда

Атыраулық кәсіпорындар ауылшаруашылық өнім өндірісін әртараптандыруда

Ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті – елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету. Ол ұлттық экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осылай деді. Бүгінде агросалада табысты іске асырылған жобалар баршылық. Мысалы Атырау облысында жергілікті шикізатты өңдеп, дайын өнім шығаруға бағдарланған бірнеше кәсіпорын бар. Солардың бірі – табиғи сусын өндіретін зауыт.

Владимир Розметов, шаруашылық жетекшісі:

- Технология алма шырынын алуға арналған. Тәулігіне 2 тонна шырын аламыз. Осы күнге дейін алманы Ресейге экспорттап келдік. Енді өзіміз өңдеп, алма шырыны, лимонад, квас өндіреміз.

Ал облыстың Махамбет ауданында экзотикалық жеміс – лимон жерсіндірілді. Алғашқы жиын-терім жұмысы қараша айына жоспарланған. Осы кезден бастап мұнда тәулігіне алма шырынымен бірге 1,5 тонна лимон сусыны да өндірілетін болады. Аграрлы ауданда картоп, пияз сияқты өзге де көкөністер өсіріледі. Сондай-ақ жылыжай шаруашылығы жақсы дамыған. Ал құс фабрикасында жылына 1 млн дана жұмыртқа өндіріледі екен.

Ринат Жанқылышев, Махамбет ауданының әкімі:

- Махамбет ауданында 7 жоба жүзеге асып жатыр. Атап өтетін болсақ, бройлер құс етін өңдейтін кәсіпорын. Оның қуаттылығы 2,5 тонна болады. Қосымша жылыжай кешені бар. Алдағы уақытта қияр, қызынақ шығару жоспарлануда. Жылыжай кешенінде өнім консервіленіп, тұтынушыға дайын берілетін болады.

Атыраулық ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерінің сапасын халықаралық стандарттарға жеткізіп, сыртқы нарықты бағындыруды көздейді.