Бабалар ізімен: Ұранқай атауының тарихы

Бабалар ізімен: Ұранқай атауының тарихы

«Бабалар ізімен» экспедициясы біздің еліміздің шалғай бұрышында орналасқан – Шығыс Қазақстан облысы, Ұранқай ауылында болды. Бұл – Марқакөл жағалауындағы көркем жерде орналасқан Алтай ауылы. Жалпы халық арасында Ұранқай атауының шығу тарихына қатысты әртүрлі пікір айтылады. Көпшілік бұл атауды қалмақ тілінен алынған және ол «кешкі жел» деп аударылатынын айтады. Экспедиция жетекшісі Сапар Ысқақовтың айтуынша, бұл әсте қате ұғым. «Урунхайка» сөзінің шығу тегі әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ. Бір анығы жасыл аңғарлар мен тау өзендерімен қоршалған өркениеттің бұл аралы – елдегі ең әсем жерлердің бірі.

Сапар Ысқақов, «Бабалар ізімен» экспедициясының жетекшісі:

- Урунхай деген сөз қайдан шықты деп тексере келген сәтте тарихтан білетініміз, Рашид-ад-Дин араб ғалымының жазып кеткені бар. Ол Урунхайды жергілікті тайпаларға жатқызады. Олар көбіне Тува республикасында тұратын түркітілдес халықтар. Ал бұл арада тұрған тайпалар да түркітілдес тайпалар. Біздің бабаларымыз да осы жерде тұрған.