«Ashyq» қосымшасы жетілдірілді

«Ashyq» қосымшасы жетілдірілді

«Ashyq» қосымшасы жетілдірілді. Енді қолданушының мәртебесі жыпылықтап, уақыт есептегіші жарқын болады. Жаңа қорғаныс скриншот жасау мүмкіндігін ғана емес, сондай-ақ мобильді экранды видеоға жазып алудан да бұғаттайды. Сонымен қатар көп ұзамай әзірлеушілер жобаның іске қосылу уақытын қысқарта отырып, қосымша жұмысын жылдамдатуды жоспарлап отыр. Мұндай өзгерістер Ashyq-ты сканерлеуге мүмкіндік беретін басқа жүйелерге да әсер етеді.

Виталий Пустовойтенко, «Ashyq» қосымшасын әзірлеуші:

- Біздің тұрғындар «Ashyq» қосымшасын дұрыс қолданбай мәртебелердің скриншоттарын көрсетіп, одан қалды жүйені алдауға тырысқан. Осындай бірнеше жайттың куәгері болдық. Осыны ескере отырып екі жаңашылдық енгіздік. Қолданушыларымыздың қосымшада 1 минут 22 секунд өткізетінін байқадық. Бұл – Ashyq іске қосылып, мәртебені көрсететін аралықтағы орташа уақыт. Сондықтан бұл уақытты қысқартқымыз келеді.