Тараз маңындағы жарылыс: жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр

Тараз маңындағы жарылыс: жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр

Тараз түбіндегі жарылыстан қаза тапқан тағы 3 адамның жеке бас мәліметтері анықталды.

Олар:

- 1995 жылы туған аға сержант Ғафан Жомартұлы Қуатбек;

- Әділет Қанатбекұлы Әділбек, 1987 жылы туған;

- 1999 жылы туған Әліби Бексұлтанұлы Кеңес.

Марқұмдардың мүрдесі осыған дейін өрт болған қойма маңынан табылған.

Сонымен қатар Жамбылдағы жарылысты тексеру мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді. Оның айтуынша, оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратының қызметкерлері, саперлар бригадасы және кинологтар да іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:

- Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиға орнында саперлар бригадасы. Кинологтар да іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға орнынан 15 әскери қызметші мен құтқарушының денесі табылды. Еске сала кетейік, қоғамдық тәртіпті сақтау және оқиғаның салдарын жою үшін 800-ден астам полиция мен Ұлттық Ұлан сарбаздары, 113 арнайы техника, оның 54-і полиция департаментінен, 59-ы басқа елдердің органдарынан жұмылдырылды.

 

Қорғаныс министрі отставкаға кетті

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтің  қызметтен кету жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдады. Бұл лауазымға Мұрат Бектанов тағайындалды. Ол бұған дейін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы болды. 2016 жылы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығын басқарды.