Қазақстандық оқушылар мұғалімдерден қосымша сабақ алуына болады

Қазақстандық оқушылар мұғалімдерден қосымша сабақ алатын болады. Қашықтан оқыту кезінде бағдарламадан қалып қойған оқушыларға оқу орнына келуге және қосымша сабақ алуға рұқсат етіледі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов хабарлады.

Оның айтуынша, қосымша дәріс алатын оқушылардың саны 5-тен аспауы тиіс. Сондай-ақ сабақтар тек мектеп оқушыларына қажет болған кезде мұғалімнің бастамасымен ғана өткізіледі.

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

 - Біз қашықтан оқуға көшкелі бері балалардың оқу дәрежесін үнемі бақылауда ұстап келемін. Бұл өте маңызды. Біздің мұғалімдер оқушылардың сабақ барысында қай жерден қиналып тұрғандарын біледі. Сондықтан біз бала белгілі бір пәннен қиналып тұрғанын білген сәтте, оларды мектепке шақырамыз. Сәйкесінше, егер олар өздері тілек білдірсе, оларды мектепке шақырып, қосымша сабаққа қатыстырамыз.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия балалардың үшінші тоқсанда да онлайн оқуына қатысты шешім қабылдаған еді. Тек мектеп бітірушілер яғни, 9-шы және 11-ші сынып оқушылары ғана білім ордасына барады. Пәндердің 70 проценті дәстүрлі форматта, ал 30 проценті қашықтан өткізіледі. Биылғы жылы, сондай-ақ, ойын-сауық, спорттық және бұқаралық іс-шараларға тыйым салынды. Яғни, бұл жолы мектеп оқушылары үшін жаңа жылдық шырша болмайды.