46 мыңнан астам қазақстандық карантин шараларын бұзған

46 мыңнан астам қазақстандық карантин шараларын бұзған

«Ashyq» қосымшасы іске қосылғалы бері 46 мыңнан астам «қызыл» және «сары» мәртебесіне ие қазақстандық қоғамдық орындарға баруға тырысқан. Ал олардың 30 мыңында ПТР-тесті расталған. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. «Бұл қауіпті індетпен ауыратын азаматтар оқшаулау режимін сақтамайды және басқаларға қауіп төндіретінін білдіреді», деп атап өтті ведомство басшысы.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Мен өз атымнан қауіп төндіретін азаматтарға азаматтық жауапкершілікті сезініп, ауыр індеттің таралуына өз үлестеріңізді қоспауларыңызды сұраймын. Қатаң карантиндік шараларға қарамастан, әлі де бірқатар аймақта көптеген адамның қатысуымен үйлену тойлары, еске алу және тағы басқа іс-шаралар жалғасуда. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардан мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді сұраймын.

Сондай-ақ министр қауіпті вирустың таралуын азайтуға көмектесетін бірқатар шара ұсынды. Олардың қатарында «қызыл» және «қою-қызыл» аймақтарда демалыс күндері локдаун, вакциналау мен вакциналауға қатысты түсіндірме жұмыстарын көбейту бар. Сонымен қатар жақын арада «Ashyq» қосымшасының үздіктері үшін жұмыс режимі қайта қарастырылуы мүмкін.