Қызылорда облысындағы көне мұнаралар туристер үшін тартымды

Сыр бойындағы еңселі мұнаралар туристер арасында ерекше танымал бола түсті. Сәулет өнерінің туындыларын тамашалауға құмар саяхатшылар шетелдерден де келіп жатады. Мысалы, ескерткіш монументалдылығымен ерекше. Мұнараның биіктігі шамамен 10 метр. Оның бітімі дөңгелек болып келеді де, жоғарыға қарай тарыла түседі. Кіреберісі де тар. Мұнараның өзі өңделмеген кірпішпен қапталған. Айырықша форма оған ерекше сыр беріп тұрғандай.

Еркебұлан Елеуов, археолог:

- Күзеттік, яғни қорғаныстық, сонымен қатар ғұрыптық болып келеді. Белгілі бір ортағасырлық қалаларда немесе қорғаныс дуалдарында, яғни күзеттік мұнаралар міндетті түрде тұрады.

Ғалымның айтуынша, мұндай мұнаралар Орталық Азияда жиі кездесе бермейді. Алайда олардың көпшілігі Сырдарияның төменгі ағысында шоғырланған. Қызылорда облысында 20-дан астам сәулет және тарихи ескерткіш бар, оның үшеуі республикалық маңызы бар ескерткіш мәртебесіне ие. Бірақ соңғы кездері ежелгі сәулет өнерінің інжу-маржандары бұзыла бастаған.

Еркебұлан Елеуов, археолог:

- Негізгі құжаттамаларын әзірледік. Облыстық мәслихатқа қаржы сұрау мәселесі ұсынылды. Алдағы уақытта қарастырылатын болса, барлығына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, қалыпқа келтіріп, алғашқы көрінісі қайтадан реттеледі деп ойлаймыз.