Қазақстанның Тәуелсіздігіне – 29 жыл

Елімізде ұлық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.  Осыдан тура 29 жыл бұрын Қазақстан тәуелсіз ел ретіндегі өзінің мүлде жаңа тарихына қадам басты. Бұл тарих үшін қас -қағым сәт болса да, осы жылдар ішінде тәуелсіз мемлекет ретінде тындырылған іс аз емес. Осы уақытта республика әлемдік экономикаға еніп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Еліміз халықаралық аренада жоғары мәртебеге ие болды. Қазақстан БҰҰ-ның және басқа да ірі ұйымдардың толық және белсенді мүшесі атанды. Еліміз – антиядролық қозғалыс көшбасшыларының бiрi. Мемлекетіміз  бітімгершілік жобаларда да лайықты бағасын алды. Ең бастысы, еліміз тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтай алды.