Қазақстан мен БАӘ: өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері азық-түлік қауіпсіздігі саласында ынтымақтастықты күшейтуге ниетті. Нұр-Сұлтанда осы саладағы әріптестікті кеңейтуге бағытталған меморандумға екі елдің өкілдері қол қойды. Тараптар ауыл шаруашылығы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының стратегиялық бағдарламаларын іске асыру жолындағы әріптестікті нығайтуды жалғастыруға мүдделі екендерін мәлімдеді. Олардың айтуынша, мұның бәрі екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға көмектеседі.

Марьям бинт Мухаммед Аль Мхейри, БАӘ-нің азық-түлік және су қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік министрі:

- Біз азық-түлік қауіпсіздігі жөнінде Ислам ұйымымен тығыз байланыстамыз. Ұлттық азық-түлік қорларын басқару бағдарламаларын қолдаймыз және ұсынамыз. Осы мәселелер бойынша басқа елдермен өз тәжірибемізді бөліскіміз келеді.

Мадияр Меңілбеков, ҚР БАӘ-дегі Төтенше және өкілетті елшісі:

- Штаб пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымына БАӘ толық қолдау білдіреді. Абу-Дабидегі еліміздің өкілі ретінде осы ұйымның жұмысын одан әрі ілгерілету бағытында елшілік тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. БАӘ – осы ұйымның өте белсенді мүшесі. Ұйым аясындағы барлық бағдарламаға белсенді түрде қатысады.

Қаңтар-сәуір айларында 2 елдің тауар айналымы 276 млн долларға жеткенін атап өткен жөн. Бұл ретте Қазақстаннан БАӘ-ге экспорт көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 40% өсті. Осы кезеңде Әмірліктердің біздің елге инвестициялық ағыны 12% өсіп, 181 млн доллардан асты.

Авторы: Ақзер Сегізбай