Мәжіліс: қару сату тәртібін қатаңдату қажет

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары елде қару ұстау тәртібін қатаңдатуды сұрады.

Нақты айтсақ, суық қаруды пайдалануға рұқсат беретін лицензияны енді тек 24 жастан асқан азаматтарға беруді ұсынды. Төменгі палата депутаты Андрей Ленниктің айтуынша, қазір 18 жасқа толған азаматтар қару-жарақты еліміздегі дүкендерден сатып ала алады. Ол үшін наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтама алып көрсетсе жеткілікті.Бұдан бөлек, мәжілісмендер елдегі білім беру мекемелерін қорғау жүйесіндегі талаптарды қайта қарастыру керектігін алға тартып отыр.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов