Қазақстан Сыртқы істер министрі Вьетнамға сапармен барды

Қазақстан Сыртқы істер министрі Вьетнамға сапармен барды

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Вьетнамға ресми сапармен барды. Бұл сыртқы саясат ведомство басшысының екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері 30 жыл ішіндегі алғашқы сапары. Оның аясында өткен кездесулер барысында саяси, экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Тараптар өзара сауда мен инвестицияларды арттыру, экономиканың түрлі секторларын дамыту екі жақты байланыстардың жандануына оң ықпал тигізетінін атап өтті. Сондай-ақ, вьетнамдық делегация қазан айында елордада өтетін Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес саммитіне қатысатынын қуаттады.