Қ. Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездесті

Қ. Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездесті
sn.kz

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 76-сессиясының төрағасымен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Абдулла Шахид сапарының Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ықпалдастықты одан әрі кеңейту жолында аса маңызды екенін жеткізді. Атап өтсек, БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясының төрағасы елімізге және Орталық Азияға алғаш рет келіп отыр. Ол Қазақстан Президентінің бастамасымен елімізде жүзеге асырылып отырған ауқымды реформаларды, Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша өткен референдумды қолдайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, биыл 13-15 қыркүйекте елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін маңызды алаң деп атап, оның мәртебесін жоғары бағалады.