М.Тілеуберді БҰҰ Бас Хатшысымен кездесті

Қазақстан әлемдік нарыққа ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ, Ауғанстанға халықаралық гуманитарлық көмек көрсетуге дайын. Нью-Йоркте өткен "Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі: іс-қимылға шақыру" конференциясында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді осылай деді. Халықаралық жиын бір жағынан азық-түлік тапшылығына бейім елдер, екінші жағынан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын мемлекеттердің басын қосты. Айта кетейік, БҰҰ мәліметі бойынша, 38 елде 44 миллион адам ашаршылықтың алдында тұр және  800 миллионнан астам адам тойып тамақтандайды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен де кездесті. Тараптар Қазақстан мен Ұйым арасындағы ынтымақтастықтың даму барысы мен перспективаларын талқылады.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

– Қазақстан қазіргі қарулы қақтығыстарға ерекше алаудаушылығын білдіруде. Себебі осының салдарынан азық-түлік қауіпсіздігі мен оның қорына жапа шегіп келеді. Азық-түлікке мұқтаж адамдардың саны артып келеді. Сонымен қатар COVID-19 да аштықтың өршуіне кесіріп тигізіп отыр. Осы орайда, қақтығысқа қатысы бар барлық тараптардың халықаралық гуманитарлық заңға бағынуға шақырамыз.