Үкімет Жалпыұлттық жоспарды іске асыруды бастайды

Үкімет Жалпыұлттық жоспарды іске асыруды бастайды

Үкімет Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық жоспарды жүзеге асыруға кіріседі. Ол Жаңа Қазақстанды құруда 10 бағыт бойынша 36 іс-шарадан тұрады. Бірінші кезекте, бұл өте маңызды саяси реформалар, олар Президенттің өкілеттігі, Сенат пен Мәжілістен тұратын Парламенттің екі палатасын, мәслихаттарды, әкімдерді, партиялық құрылымды және басқаларды қалыптастыру тәртібі мен олардың функцияларына қатысты мәселелер бойынша конституциялық және заңдарға өзгерістер енгізуді талап етеді. Өз кезегінде Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, елдің әкімшілік-аумақтық құрылымы да өзгеретінін атап өтті. Оның айтуынша, жауапты салалар дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың кешенді пакетін жүзеге асыруды бастайды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- Аталған жоспарды орындауға дереу кірісуіміз қажет. Ондағы әрбір іс-шараның сапалы және уақытылы орындалуына бірінші басшылар тікелей жауапты екенін баса айтқым келеді. Орынбасарларыма жоспардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын.

Авторы: Ақзер Сегізбай