Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Тәжікстанға барды

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Тәжікстанға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға жұмыс сапарымен барды. Президент Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесуде Қазақстан басшысы жоспарланған басқосуларда өзекті жаһандық мәселелерді талқылау аса маңызды екенін айтты. Тараптар екіжақты форматта да, көпжақты құрылымдар аясында да бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екенін атап өтті.