Президент Жолдауы-2021: халық пікірі

Президент Жолдауы-2021: халық пікірі

«Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламаларын ұзарту. Осы мәлесе Президент Жолдауындағы өзекті тапсырмалардың бірі саналады. Сарапшылардың пікірінше, бағдарламаларды ұзарту – шағын және орта бизнеске көмектесетін дағдарысқа қарсы дұрыс шешім.

Әділ Құсманов, ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторинг орталығының кеңесшісі:

- Бұл жалпы кәсіпкерлік субъектілеріне үлкен қолдау болмақ. Сондай-ақ қаражатты өте үнемді жұмсау қажеттігін нақты түсінуіміз керек. Ақшаның кәсіпкерлерге, нарық субъектілеріне қалай жететінін және іріктеудің қалай жүргізілетініне бақылау болуы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында көтерген тағы бір өзекті тақырып – ғылым саласы. Маңызды құжатта саланы дамытудың нақты тетіктерін атап өтті. Соның бірі – іргелі зерттеу жүргізетін білім ордаларына грант бөлу мәселесі. «Жылдар бойы ғалымдар қауымын толғандырған түйткіл шешімін табатын болды», – дейді сарапшы.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

- Ғылымда, соның ішінде математика, физика, химия сияқты салаларда 3 жыл зерттеу жүргізу қиын. Себебі ол одан ұзақ мерзімді талап етеді. 5 жылға ұзарту деген ұсыныс осыдан пайда болды. Бұл әрі қарай іргелі ұзақ мерзімді зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді.