Қазақстандық оқушылар экология проблемаларын шешуде

Сіз тұратын жердегі ауаның сапасы қандай? Бұл сұраққа жауапты атмосферадағы зиянды қалдықтардың мөлшерін көрсететін веб-қосымша арқылы табуға болады. Жаңашылдықты қазақстандық жобалаушылар ұсынып отыр. Арнайы бағдарлама арқылы күн райының болжамын, ауаның ылғалдылығы және оның құрамындағы көмірқышқыл газының көлемі мен диоксид мөлшерін көруге болады.

Әділет Берсінбаев, жоба авторы:

- Біздің ең бірінші жобамыз. Мұның пайдасы зор деп ойлаймын. Адамдар көшеде келе жатып көп ақпарат көре алады. Мен осы ақпаратқа қарап, қаланы таза ұстайды деп ойлаймын.