Қазақстандық стартапшылар жауын-шашын шақыратын дрон ойлап тапты

stavlider.ru

Бұлт айдап, жауын-шашын шақыру. Қазақстандық стартапшылар ойлап тапқан дронның осындай мүмкіндігі бар. Өнертабыс құрғақшылық кезінде егістіктерді сақтап қалуға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне қатысты.

Алмас Жали, стартаптың негізін қалаушы:

 - Жобаның мақсаты – құрғақшылықты болдырмау. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері егісті жинау кезінде қажетті өнімді ала алмайды. Тиісінше, ақша табылмайды. Бұл экономикалық және еліміздің қауіпсіздігіне де қатысты мәселе. Сондықтан біздің мақсатымыз фермерлер маусымына көбірек жауын-шашын кезеңіне тап болып, көбірек өнім алса екен дейміз.

Дронның жауын-шашын шақырудан өзге, тұманды сейілту қабілеті де бар. Ал бұл – тұманды күндер көп болатын Алматы сынды мегаполистер үшін тағы бір таптырмас шешім. Қазақстандық аппараттың шетелдік баламаларынан еш кемшілігі жоқ, дейді әзірлеушілер

Алмас Жали, стартаптың негізін қалаушы:

 - Бұл – әлемдік тәжірибе. АҚШ-та 30-40 жылдан бері,  Сауд Арабиясында 10 жылдан бері, Араб Әмірліктерінде де.  Қытайда бұл бағдарламаға 13 млн доллар бөлінген. 2025 жылға қарай Қытай ауа-райын бақылауды қолдарына алғысы келеді. Біз қандай нәтижеге қол жеткіздік? Біз бірнеше тәжірибе жасадық. Кей жерлерде қар жауып, тұман сейілді. Бірақ бізге бизнес жоба ретінде алаңға шығуға тым ерте. Өзімізді бизнес емес, жай жоба деп атаймыз.

Әзірлеушілер жазға дейін аппаратты өз елімізде сынап, зерттеп, кейін шетелдік мамандардың бағалауына бермек.

 

Авторы: Ақзер Сегізбай

×