123 мың 200-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

123 мың 200-ден аса қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
pk.mashable.com

Өткен тәулікте тағы 924 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 123 215 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 777  COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 139 159.

Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 16762

Алматы қаласы - 16741

Шымкент қаласы - 5410

Ақмола облысы - 5928

Ақтөбе облысы - 3544

Алматы облысы - 6017

Атырау облысы - 11933

Шығыс Қазақстан облысы - 17428

Жамбыл облысы - 4596

Батыс Қазақстан облысы - 8407

Қарағанды облысы - 11358

Қостанай облысы - 6102

Қызылорда облысы - 3304

Маңғыстау облысы - 3468

Павлодар облысы - 7408

Солтүстік Қазақстан облысы - 7231

Түркістан облысы - 3522

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 159 жағдайы  және 2 өлім жағдайы  тіркелді. Оған қоса 76 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 43 498, 458 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны  31 217 жетті.

×