Республикада коронавирусқа қарсы вакциналау қарқын алуда

s0.rbk.ru

Елімізде вирусқа қарсы екпенің екі компонентін 400 000-нан астам адам алып үлгерді. Иммундау қарқыны бойынша Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары. Ал өңірлер арасында Алматы, Түркістан және Қарағанды облыстары көш бастап тұр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Сәуір айында Қазақстанға 2,3 млн доза вакцина алып келген едік. Бүгінгі таңда 1,4 млн-ға жуық азамат алғашқы компонентпен егілді. Қазақстанның барлық өңірінде вакцина бар. Қазір 1400-ге жуық вакциналау пункті ірі сауда орталықтарында жұмыс істеп тұр. Екінші компонент сөзсіз біріншісінің артынан жүреді. Яғни  азаматтар бірінші компонентті салдырған соң, екінші компонентті салдыру 21 күннен кейін келеді.

COVID-19 індетінің таралуына қарсы күрес шараларына биыл мемлекеттік бюджеттен 265 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгенін айта кеткен жөн. Қаражат дәрігерлердің еңбектеріне үстемақы ретінде,  ПТР-зерттеулеріне, жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға, отандық вакцинаның клиникалық зерттеулерін жүргізуіне байланысты шығындарға, сондай-ақ Жамбыл облысында биофармацевтикалық зауыттың құрылысын аяқтауға жұмсалады. Зауттың ашылуы жаз мезгіліне жоспарланған. Онда иммунобиологиялық препараттар, оның ішінде отандық QazVac вакцинасы шығарылатын болады.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:  

- Биологиялық қауіпсіздік проблемалары институтының алаңында біз ай сайын 50 мың доза вакцина аламыз, ал бір айдан кейін 100 мыңға дейін өсеміз. Болашақта Жамбыл облысындағы зауыт іске қосылған кезде бізге жылына шамамен 60 млн дозаны қамтамасыз ете алады. Яғни  бұл шамамен жылдың соңына қарай болады деген сөз, себебі бізге GMP инспекциясын жүргізу үшін толыққанды өндіріс пен тәжірибелік партия өндірісін іске қосу қажет. Содан кейін барып өндірісті бағалап, осы зауытты іске қосуға рұқсат бере аламыз.

Аталмыш зауытта тек коронавирусқа қарсы ғана емес, сонымен қатар бруцеллезге, дерматитке, құс және шошқа тұмауына қарсы вакциналар шығаруды жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн.

Авторы: Ақзер Сегізбай

×