Медициналық мекемелерге «Спутник V» вакцинасының 150 мың данасы жеткізіледі

cdn25.img.ria.ru

Сәуір айының басында Қазақстандағы медициналық мекемелерге «Спутник V» вакцинасының 150 мың данасы жеткізіледі.

Қарағандының фармацевтикалық зауыты 1 айда коронавирусқа қарсы вакцинаның миллион данасын шығаруды жоспарлап отыр. Олар вакцинаның көлемін ұлғайтуды сәуір айында қолға алмақ. Ал келесі айдың алғашқы күндерінде осы кешенде өндірілген ресейдің «Спутник V» препаратының 150 мың данасы еліміздің медициналық мекемелеріне жеткізіледі.

«Гам-КОВИД-Вак» вакцинасын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген сәттен бастап Қарағанды фармацевтикалық кешені 208 мың дана вакцина шығарып, мекемелерге жеткізді. Оның ішінде 115 мың бірінші компонент болса, екінші компоненті 93 мың дана шығарылды», – деп фармацевтикалық завод басшылығы хабарлайды.

Сарапшылар препараттың ауыр індеттің түрлі штамдарына қарсы тиімділігін атап өтті. Аталмыш мәселеге қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді: бірі екпе аурудан қорғайтын жақсы тәсіл екенін айтса, енді бірі жаңа вакцинаның тиімділігіне күмәнмен қарайды.

Блиц:

- Туыс-туғандарға, сөйлесетін, араласатын басқа адамдарға да жұқтырмау үшін вакцинаны қабылдаған дұрыс.

- Егер шақырса, барамын. Өйткені одан жаман болады деп ойламаймын.

- Вакцинаға әлі сенбеймін, себебі ол әлі сыналмады, ұзақ уақыт өткен жоқ, ақпарат та аз.

×