ПТР анықтамасыз келген жолаушылар үшін Қазақстан 5,5 миллион теңге төлейді

Шетелден инфекцияға қарсы ПТР анықтамасыз келген қазақстандықтар мемлекетке көп шығын келтіріп отыр. Мәселен, тек өткен тәулікте елімізге 32 халықаралық әуе рейсімен келген жолаушылардың 793-інде COVID-19 вирусына қарсы ПТР тесті болмаған. Тек осы азаматтардың тестіне 5,5 млн-нан астам қаражат жұмасалады. Ал бұл – шығындардың аз ғана бөлігі. Сонымен қатар ПТР тестілеуінің нәтижесі шыққанша олар мемлекет есебінен карантиндік стационарға жатқызылады. Айта кету керек, көптеген елдерде туристер карантиндік ауруханаларда жату ақысы мен ПТР анализдерінің құнын өздері өтейді.

Авторы:  Әсел Күшенғалиева