QazVac вакцинасын әзірлеушілер мемлекеттік сыйлыққа ие болды

QazVac вакцинасын әзірлеушілер мемлекеттік сыйлыққа ие болды

Қазақстанда Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтар табысталды. Ең жоғары марапат QazVac коронавирустық препаратын әзірлеушілерге берілді. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

ДДСҰ QazVac вакцинасын мойындауы мүмкін

Айта кетейік, ДДСҰ отандық QazVac вакцинасын мойындауы мүмкін. Мұндай болжамды Президенттің штаттан тыс кеңесшісі және реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабарти айтты.

Сэр Сума Чакрабарти, ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Жоғары Кеңес төрағасының реформалар жөніндегі орынбасары:

- Жыл сайын екпелердің құрамын өзгерту керек. Халықты вакциналау үшін нарыққа жаңа нұсқалар енгізу қажет. Меніңше, Қазақстан орасан зор жұмыс атқарды. 8 миллионнан аса адам екпе алды. Вакциналау қарқынын арттыруды жалғастыру керек. Осыны әрі қарай насихаттаңыз. QazVac-ты жақында ДДСҰ мақұлдайды және бұл – қазақ ғылымының жетістігі.