Қазақстан 13 елдің вакциналау құжатын мойындады

вакциналау құжаты
static.mk.ru

Қазақстан тағы 6 мемлекеттің вакциналау құжаттарын мойындады. Еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері сәйкес қаулыға қол қойды. Енді бізде Аргентина, Иран, Сан-Марино, Армения, Беларусь, Эстония азаматтарының вакциналау құжаттары мен анықтамалары жарамды деп танылды. Бұған дейін бұл тізімге Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғызстан, Молдова және Түркия енгізілген болатын. Осылайша Қазақстанда 13 елдің вакциналау паспорттары ресми деп танылады.

×