Қазақстанда эпидахуал жақсарып келеді

эпидахуал
inbusiness.kz

Коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді. Қазақстанда қауіпті дертке шалдығу соңғы екі аптада бірден 36% төмендеді. Жағымды мәліметпен Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бөлісті. Науқастанумен қатар өлім-жітімнің саны азайды. Бұл көрсеткіш осы қыркүйек айының орта кезімен салыстырғанда 3 есеге жақсарған.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Соңғы айдың ішінде бір тәулікте дертті жұқтырғандардың саны 3,6 есеге төмендеді. Сонымен қатар стационарлық ем қабылдап жатқан науқастардың қатары 2,4 есеге азайды. 27 тамыздағы 25 мыңнан, 27 қыркүйектегі деректерге сәйкес 10,5 мыңға дейін қысқарды. Амбулаториялық ем қабылдаушылар 1,7 есеге, 89 мыңнан 51 мың науқасқа дейін азайды.

Сондай-ақ 1 тамыздан бастап елімізде инфекциялық төсек-орындар жүктемесі төмендеп келеді. Республикада 57 ковидтік стационар жабылды.

Бүгінде 4 өңір «жасыл» аймақта тұр. Олар: Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары.

×