Қазақстанда тұмауға қарсы вакцина науқаны басталды

Қазақстанда тұмауға қарсы вакцина науқаны басталды

Қазақстанда тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Ол 15 қарашаға дейін жалғасады. Азаматтарды биыл да ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасымен иммундау жоспарланып отыр. Екпенің 2 млн 500 мың дозасы сатып алынған. Ең алдымен медицина саласының қызметкерлері, балалар мен қарт адамдар және диспансерлік есепте тұрғандарға екпе тегін салынады. Мамандардың айтуынша, жыл сайын қазан айының ортасында тұмау күрт өршиді. Ал коронавируспен ауырған қазақстандықтарға келетін болсақ, дәрігерлер тұмауға қарсы вакцинадан үш айға бас тартуды ұсынды.

Ержан Байтанаев, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:

- Егер сіз бүгін COVID-19-ге қарсы вакцина алсаңыз, тек 14 күннен кейін тұмауға қарсы вакцина саласыз.  Тұмауға қарсы вакцинаны алғаннан кейін де екі апта өткен соң, ковидке қарсы екпені еш кедергісіз алуға болады.