Қызылорда облысы вакциналау бойынша елде көш бастап тұр

cdni.rt.com

Қызылордалықтар коронавирусқа қарсы вакциналау науқанында белсенділік танытуда. Бұл орайда аталмыш өңір халық санына шаққанда еліміздің өзге аймақтарынан асып көш бастап келеді. Қазіргі таңда ондағы тұрғындардың тең жартысынан астамы екпенің бірінші компонентін алып үлгерген. Ел бойынша да бұл көрсеткіш 56% жуықтады.

Еске салайық, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакциналауға жататын ел азаматтарының 60% астамы егілуі тиіс. Бұл орайда қазақстандықтардың пікірі қақ жарылды. Біреулері өзі мен айналасын қорғау үшін міндетті түрде иммундалу керек деп санайды. Басқалары болса, халықты жаппай вакциналау науқанының пайдасы жоқ деген ойда.

Блиц:

- Барлық адамға салдыруға кеңес береміз. Оның пайдасы бар. Ешкімнің ауырмағаны керек. Біздің туыстардың ауырғандарын қаламаймыз.

- Бәрі вакциналанды. Айырмашылық жоқ, бәрібір адамдар ауырып жатыр.

- Барлығымыз бірдей екпе алуымыз керек деп санаймын. Себебі қатерлі індетпен күресудің вакцинадан басқа амалы жоқ.

Ғалымдар болса, вакциналау коронавирусқа шалдығу қаупін үш есеге дейін төмендететінін дәлелдеген. «Инфекцияны жұқтырып алғанның өзінде дерт әдеттегіден жеңіл өтіп, науқас жылдам сауығады», – дейді мамандар.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

×