COVID-19: қазақстандықтар екі түрлі вакцинаны араға уақыт салып алуына болады

Қазақстанда бүгінде «Спутник-V», «HayatVax» және отандық «QazVac» вакциналарына тегін қолжетімді. Коронавирус індетінің беті қайтпай, керісінше оның түрлі штамдарының пайда болуына байланысты ел азаматтары жаппай иммундалуда. Алайда, аталмыш вакциналар азаматтардың көптеген  шет мемлекеттерге емін-еркін кіріп-шығуын шектейді. Сондықтан халық арасында вакциналанғаннан кейін, «Pfizer», «Moderna», «AstraZeneca» сынды халықаралық деңгейде мойындалған препараттарды қабылдауға болады ма, жоқ па деген сұрақ туындады. Отандық иммунологтар халықты толғандырған сұрақтарға жауап берді. Медицина ғылымдарының докторы Күләш Құрманованың айтуынша, вакцинаның екі компонентін кейін, басқа препаратпен иммундалуда тұрған ештеңе жоқ.

Күләш Құрманова, «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» РҚБ-нің инфекционист дәрігерлер қауымдастығы филиалының президенті:

- Біз алдымен бірінші компонент, кейін екіншісімен иммундаламыз. Сондықтан иммуноглобулиндердің өндірісі одан да белсенді бола түседі. Себебі ағза иммунологиялық жадыны сақтайды. Вакциналанғаннан кейін басқа вакцинадан ешқандай зиян болмайды. Иммуноглобулиндер пайда болғаннан кейін араға уақыт салып азаматтар басқа препаратпен вакциналана алады. Нақтырақ айтсақ басқа препаратпен 2-3 айдан кейін, ал ең қысқа мерзім, 3 аптадан кейін салдыруға болады. Ең бастысы адам ағзасы вакцинаны қалай қабылдағанына байланысты. Жалпы вакцинациядан кейінгі иммунитет орташа есеппен 1 жылға дейін сақталады

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде 43 72235 млн адам бірінші компонентпен, 24 42715 млн адам екінші компонентпен иммундалды.