Қаллеки театрында этноансамбль құрылды

Қазақтың ұлттық аспаптарымен орындалатын заманауи әндер. Халық композицияларына жаңа көзқарас. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры жанындағы алғашқы этноансамбльдің репертуары таңғалдырады. 18 музыканттан құралған ансамбльдің барлық мүшесі – халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Олардың әрқайсысы бірнеше аспапта ойнай алады. Өнерпаздар ұлттық музыкамызды насихаттауға үлес қоспақ ниетте.

Маралжан Мырзақұлова, ансамбль дирижері:

- Музыканттарымыздың әрқайсысы – үлкен тәжірибесі бар шығармашылық тұлға. Олар – өте талантты, креативті, өршіл, өнер десе ішкен асын жерге қоятын шығармашыл жастар.