Қазақстанда тарихи фильмдер көбірек түсіріледі

elarna.net

Қазақстанда тарихи жанрдағы фильмдер көбейеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты мемлекеттік органдар мен отандық телеарналарға осы бағытта жаңа контент түсіруді тапсырды. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында мемлекет басшысы егемендік алғалы бұрын бәймәлім болған қаншама тарихи деректер, археологиялық қазыналар табылып, тарихымыз сан мың жылдан тамыр тартатынын айғақтайтын жаңалықтар ашылғанын жазады. Мұндай іргелі ізденістердің нәтижесі тек осы сала мамандарының игілігіне ғана айналуы орынсыз. Оны қалың жұртшылыққа түсінікті және қолжетімді ету қажет, дейді президент. Сондықтан кино индустриясы үшін тың тақырыптар жеткілікті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгінгі күні әлемдік кино саласында тарихи картиналардың сценарийлеріне сұраныс аса жоғары. Отандық кинематографистер бұл пікірмен келісіп отыр.

ЕСЕТЖАН ҚОСУБАЕВ, «ҰЛТТЫҚ КИНОНЫ ҚОЛДАУ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Біз жаңа жылдың алғашқы күндерінен бастап жаңа жоспар құра бастаймыз. Әрине, бұл жоспар негізінде алда кеңестің отырысы болады. Кеше біз ресми сайтта өтінімдерді, сценарийлерді, синопсистерді қабылдайтынымыз туралы жария еттік. Осы жылы біз еліміз үшін өте маңызды жаһандық тақырыптарды көрсеткіміз келеді. Оның қатарында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, елімізге танымал тұлғалар,  тарихи кейіпкерлердің қызметіне қатысты оқиғалар. Осы тұрғыда біз кинематографистерімізге бюджеті аз картиналарды түсіруді тапсырамыз. Бұл дебюттік картиналар болады. Біз бұған дейінгі тәжірибемізде қолданып жүрген әдістерді, яғни жас киногерлерге өздерін көрсетуіне мүмкіндік береміз.

Авторы: Ақзер Сегізбай

×