Еркебұлан Дайыров Канн кинофестивалінің лауреаты атанды

Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағы» қазақстандық актерге бұйырды. «Азияның үздік актері» аталымына Еркебұлан Дайыров лайық деп танылды.

Беделді марапат жерлесімізге режиссер Эли Гильманның «Күнбағыс» фильміндегі рөлі үшін табысталды. Еркебұлан Дайыров көрерменге «Анаға апарар жол», «Әміре», «Тобыл», «Бауыржан Момышұлы» және «Балуан Шолақ» сияқты фильмдермен таныс.